×

«Бұл – біздің көтергендегіміз». Өңір тілшілерінің айлығы 100 мың теңгеге жетпейді

Журналистердің мәртебесі жоқ

 Еркеғали Болатұлы 28.10.2022 | 09:42
фото: ашық дереккөз

Астанада Бас редакторлар форумы өтті. Еліміздің әр өңірінен келген жетекшілер дәстүрлі және жаңа медианың серіктестігі мен бәсекелестігі, аймақтық БАҚ-тың бүгіні мен болашағын сөз етті.

Қазақстанда 24 жоғары оқу орны журналистер даярлайды. Қазір 4 мыңдай студент журналист мамандығы бойынша білім алып жатыр. Алайда салада маман тапшы. Форумға қатысушылар мұның себебін жалақының аздығымен байланыстырды.

Әлі күнге дейін тілшілер статусының бекітілмеуі, жеке журналистердің мәртебесі туралы заңның қабылданбауы жығылғанға жұдырық болып тұр. Форум соңында қатысушылар мемлекеттің идеологиясын блогерлер емес, бас редакторы, корректоры бар дәстүрлі және классикалық журналистер құрады деген ортақ шешімге келді деп хабарлады «Астана» телеарнасы.

Бізде, облыстық газетте қазір маман жоқ. Себебі біздегі тілшінің қолына тиетін таза айлығы, сіздерден жасырмайын, 100 мың теңгеге жетпейді. Бұл – біздің көтергендегіміз. Журналистердің мәртебесі жоқ. Бұл бюджеттік, мемлекеттік қызметкерлерге жатпайды. Не үйдің кезегіне тұра алмайды.

Журналистердің мәртебесін БАҚ туралы заңға кіргіземіз деп жатыр. Ондай емес. Өз алдына журналист мәртебесі деген сияқты заңға қол жеткізуіміз керек», - деді «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама