×

Блокчейн технологиясы әлемді өзгертеді – Исламбек Салжанов

Астанада V Нобель фестивалі өтіп жатыр 

 Дәурен Ерболат 27.10.2022 | 11:39
Исламбек Салжанов, фото: Halyq Uni

Астана қаласында V Нобель фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық форумға Нобель сыйлығының лауреаттары, профессорлар, халықаралық компаниялардың басшылары, кәсіпкерлер әлемдегі өзекті мәселелерді талқылауда.

Шараға қатысқан Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төралқа төрағасы Исламбек Салжанов блокчейн технологиясы әлемді өзгертетінін, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту маңызды екенін айтты. Сондай-ақ Исламбек Салжанов жаңа технологиялардың маңызына тоқталды.

«Бүгінде әлемде блокчейн сынды жаңа технологиялар пайда болып жатыр. Менің ойымша, ол да интернет сияқты әлемді өзгертеді. Қазіргі таңда адамдардың шамамен 10%-ы блокчейн технологиясын түсініп, криптоиндустрия саласында жұмыс істеп жүр. Алдағы 5-10 жылда олардың саны 10%-дан асады деген болжам бар. Менің ойымша, бұдан да жоғары болуы мүмкін. Алдағы 15-20 жылда әлем бұл революциялық технологияны қабылдап, ол әлемді өзгертеді деген ойдамын. Алдымен қаржы әлемін өзгертеді», - деді ол Бейбітшілік пен келісім сарайында өтіп жатқан Нобель фестивалінде.

Сондай-ақ Қазақстандық блокчейн-технологиялар қауымдастығының төралқа төрағасы жастарға кеңес берді. Оның пікірінше, кәсіпкер болу маңызды.

«Бүгінгі құбылмалы әлемде шешімін таппаған мәселе көп. Бірақ әлемді кім жақсартып жатқанына назар аударыңыздаршы. Бұл – кәсіпкерлер. Олар әлемді өзгертіп жатыр. Олар жаңа технологияны жасауда. Түсінесіздер ме? Елімізде кәсіпкерлер көп болса, экономикамыз бен мемлекетіміз мықты болады. Себебі, олар жаңа жұмыс орындарын құрады, елімізге жаңа технологияларды енгізеді, инвестиция құяды. Кәсіпкерлер жоқтан бар жасап, қымбат кәсіпорындарды құрады. Тіпті, болашақта құны 1 млрд доллар болатын өзіміздің стартап-компаниялар пайда болуы мүмкін», - деді Исламбек Салжанов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20