Halyq Uni логотип
×

«Кремль мәңгі емес»: Украина әскері белорус халқына үндеу арнады

Олар соғысқа қатыспауға шақырды

 Дастан Жұмабекұлы 22.10.2022 | 14:52
«Кремль мәңгі емес»: Украина әскері белорус халқына үндеу арнады
фото: ашық дереккөз

Украина қарсы соғысқа қатыспауға шақырды.

Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Үндеу Facebook әлеуметтік желісінде орыс тілінде жарияланған.

Қарулы күштер онда Украинаның ешқашан Беларуське қауіп төндірмегенін, тіпті 24 ақпанда Ресей оккупанттарының бұл елдің территориясынан өздеріне шабуыл жасағаннан кейін де мұнда жауап соққы бермегенін алға тартады.

Осыған орай УҚК Беларусь азаматтарын елдің әскери басшылығының Украинаға қарсы соғысқа кіру жөніндегі бұйықтарын орындамай, Ресеймен бірге соғыс қылмысына жауапты болып қалмауға шақырады.

Украина сондай-ақ бәрібір қолға қару алып, шекарадан өтуге тура келетін болса, бірден тұтқынға түсуді ұсынды. Бұл жағдайда олардың өмірлеріне қауіп төнбейді.

Үндеуде Кремль қабырғасының мәңгі тұра бермейтіні, оның қазіргі басшыларының билігі ұзаққа бармайтыны ескертілген.

Осының артынша Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елінің соғысқа қатысу үшін ашық мобилизация жариялағалы отырғанын жоққа шығарып үлгерді.

«Бұл дабырға назар аудармаңыздар. Біз бүгін ешқайда да барайын деп отырған жоқпыз. Бүгінгі күні ешқандай соғыс жоқ. Оның бізге керегі жоқ. Тыныштанайық. Егер соғыс болмасын десек, әркім өзінің ісін атқаруға тиіс», – деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама