Halyq Uni логотип
×

Әскерден қашқандарды бас бостандығынан айыруды ұсынамыз - басқарма басшысы

Тағы 180 адам Қазастан аумағынан шығып кеткен

 Еркеғали Болатұлы 17.10.2022 | 17:54
Әскерден қашқандарды бас бостандығынан айыруды ұсынамыз - басқарма басшысы
фото: ашық дереккөз

ҚР Қылмыстық кодексіне өзгеріс енгізіп, әскерге барудан қашқандарды 1-ден 6 жылға дейін соттау ұсынылды деп хабарлады ҚазАқпарат.

Петропавл қалалық қорғаныс істері басқармасының басшысы Бауыржан Есенеев қалада әскери есепте 8 711 адамның тұрғанын, олардың тек 518-і ғана биыл әскер қатарына алынатынын айтты. Қалғандары отбасылық жағдайға, оқуына, мұғалім болуына байланысты, денсаулығына қатысты уақытша босатылған. Дегенмен мамандарға әскерге баруға тиісті 510 азаматтың өзін табуу қиынға түсіп жатыр.

«Әскерге шақыру науқанын өткізуде ең бастысы мәселе – азаматтардың тұрақты жүрген жерін анықтау. Бізде әскери есепте тұрғандардың тұрғылықты жері мен уақытша мекен жайы халыққа қызмет көрсету орталығының электронды базасы арқылы нақтыланады.

Алайда олар көрсетілген мекенжайларында тұрмауы мүмкін. Тағы 180 адам Қазастан аумағынан шығып кеткен. Бұл – ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті шекара қызметінің берген мәліметі, - деді Бауыржан Есенеев.

Маман әскерге шақырылушыларды бөлімге келуге мәжбүрлейтін заңды тетіктер болмағандықтан, нормативті-құқықтық актілерге бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынбақ.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 387-бабына өзгеріс енгізуді ұсынамыз. Әскери қызметтен өтуге бас тартқандарды, шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне келмегендерді 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесу талап етіледі. Ал әскерге бармау үшін жалған сырқаттанғандар мен өзіне-өзі жарақат салатындарға, жалған құжат жасайтындарға және шақыру учаскесіне, облыстық жинақтау пунктіне бірнеше рет келмегендерге 3 жылдан 6 жылға дейін жаза кесуді ұсынамыз», - деп қосты басқарма басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама