Ресейге Донбасс керек болмай қалды
Путиннің мақсаты тағы өзгерді
Ресей президенті Владимир Путинге енді Донецк пен Луганск облыстары керек болмай қалды. Оның мақсаты тағы өзгерді.
Бұл туралы «УНИАН» хабарлады.
Украина президентінің кеңсесіндегілер ресейліктердің өздері басып алған Донецк облысын мобилизациямен келгендер белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстап тұра алатындарын айтты. Ресейге енді Донецк пен Луганск облыстары керек болмай қалды. Путин осы территорияны Украинаның «кішкентай тілік» жеріне айырбастауға дайын болып отыр.
Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында: «Оларға бұл жерлер керек емес. Олар Донецк пен Луганскіні беруге дайын», – деді.
Оның айтуынша, Ресейге Запорожье облысындағы атом электр станциясы ғана керек. Сол үшін олар АТС-ті басып алуға ұмтылып жатыр.
Олар Запорожье облысының Энергодар қаласы орналасқан кішкентай тілік жерін ғана басып қалуды мақсат етіп отыр. Осы арқылы Украинаны Запорожье атом электр станциясынан айыруды көздейді. Ресейліктердің бүгінгі күнгі жалғыз тілегі осы, – деді ол.
Подоляк РФ оккупанттарының өздері басып алған Донецк облысын тек мобилизация арқылы келгендер соғысып тұрған кезде ғана ұстап тұра алатынын айтты.