Halyq Uni логотип
×

Путиннің жарлығынан кейін Қазақстан тарапы ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындай ма?

Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Украина шекарасына әскер жібермейтініне сендірді

 Айнұр Шошаева 22.02.2022 | 10:59
Путиннің жарлығынан кейін Қазақстан тарапы ДХР мен ЛХР тәуелсіздігін мойындай ма?
коллаж: Halyq Uni

ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаның шығысындағы ДХР мен ЛХР-ды мойындауға қатысты Қазақстанның ұстанымын айтты.

Кеше Ресей президенті Донецк пен Луганск халық республикаларын мойындау жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан, қазіргі жағдай күрделі, шиеленісіп бара жатыр. Ал Қазақстанның ресми ұстанымы қазір талқыланып жатыр, - деді министр.

Вице-премьер – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Ресей билігінің шешімінен кейін Қазақстан тарапы ЛХР мен ДХР-ды тануда халықаралық құқық негізінде және БҰҰ-ның ұстанымына жүгінеді.

«Қазақстанның ресми ұстанымы әзірленіп жатыр, алдағы уақытта Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі өтеді, онда Қазақстанның ресми ұстанымы түпкілікті қабылданады. Қазақстанның Донецк пен Луганск халық республикаларын тануы туралы мәселе туындамайтынына сендіруім керек. Біз халықаралық құқықтың негіздеріне және БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаларына сүйенеміз», - деп қосты ол.

Одан бөлек, журналистер Мұхтар Тілеубердіден «Путин өтініш білдірсе, Қазақстан ҰҚШҰ негізінде Донбассқа өз әскерін жібереді ме?» деген сауал қойды.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Қазақстан мүше мемлекет. Бірақ бұл ұйымнан ол жаққа әскер жіберуге құқығы жоқ», - деді министр.

Еске салайық, кеше Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысында орналасқан Луганск және Донецк облыстарын республика ретінде тәуелсіздігін мойындайтыны туралы жарлыққа қол қойды. 

Одан бөлек, РФ басшысы аталған екі республика басшыларымен достық, әріптестік және өзара көмек туралы келісімге де қол қойып, ресми рәсімнен соң әңгімелесті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама