Halyq Uni логотип
×

Алтын басты шетелдік келсе де қазақтың нанын тартып жей алмайды - әлеуметтанушы

Қазір Үкіметтің шетелдіктермен емес, инфляциямен күресуіне тура келіп тұр

 Еркеғали Болатұлы 14.10.2022 | 15:42

Қанша жерден білікті болса да Ресейдегі мобилизациядан қашып келген азамат Қазақстанда бірден жұмысқа тұра алмайды. Яғни, қазақтың нанын сырттан келгендер тартып жейді деп үйрейлену орынсыз. Әлеуметтанушы Рамазан Саттарұлы «Сұрауы бар» Youtube арнасында осындай пікір білдірді.

Бұл жерде байбалам салуға болмайды. Біраз азаматтарымыз жұмыссыз қалады деп айғайлау қисынсыз. Десе де экономикалық талдау болуы керек. Сондықтан қанша азамат шекарадан өтсе де соның барлығы Қазақстанда жұмысқа тұрды, өз саласындағы мамандармен бәсекелестікке түседі деуге болмайды. Мысалы, мектептер мен университеттер мұғалімдердің штатын дайындап алған. Енді қандай да бір алтын басты шетел азаматы келіп тұрса да, егер алдын ала келісім болмаса, ол қызметке кіре алмайды, - дейді әлеуметтанушы.

Оның үстіне қазір Үкіметтің шетелдіктермен емес, инфляциямен күресуіне тура келіп тұр. Себебі қымбатшылық күннен күнге шарықтап келеді. Әсіресе, азық-түлік бағасы аспандаған. Соңғы екі айда ресейліктердің келуіне орай тұтыну көрсеткіші өскен. Бұл экономикаға жәрдем болмаса, кері әсер етпейді дейді экономист.

«ЕАЭО-да жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары, әсіресе, Ресейде 179 мың адам деп айтылады. Ал Қазақстанға одақтан келіп жұмыс істейтіндер 6 есе төмен. Өйткені басқасына қарағанда бізде айлық аз. Қазір ең басты мәселе инфляцияда болып тұр. Ол 17 пайызға дейін жетті. Ұлттық банк оны реттеу үшін қайта базалық мөлшерлемені өсіруі керек. Қыркүйек-қазан айында осы ресейліктердің келуінен тұтыну көрсеткіші өсті. Сондықтан бұл экономикаға жақсы әсерін беруі тиіс», - дейді экономист Мадияр Кенжеболат.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама