Halyq Uni логотип
×

Астанада Иран президенті АҚШ билігін айыптады

Парсы шығанағы елі Батыстың экономикалық санкциясына ұшырап келе жатыр, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 13.10.2022 | 11:58
Астанада Иран президенті АҚШ билігін айыптады
фото: ашық дереккөз

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммитінде өзіне сөз кезегі келгенде Иран президенті Ибрахим Раиси АҚШ билігін айыптады.

Ол Америка Құрама Штаттардың ондаған жылдан бері  жер-жүзінде бірнеше елге агрессия танытып,  адам құқығын бұзып, Ауғанстандағы халықтың өз еркіндігін айқындауына кедергі келтіргенін айтты.

Осы ретте Ибрахим Раиси Иран халқы жылдар бойы қауіп-қатермен сын сағатта бетпе-бет келгенін, көп уақыттан бері  Батыс елдерінің экономикалық санкциясына ұшырап келе жатқанын мәлімдеді.

Иран президенті экономикалық терроризмді қатаң айыптап, оған қарсы күресетінін, онымен күресу үшін Азия елдеріне бірігу керектігін атап өтті.

Қазір Иран Ислам Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы текетірес ушығып тұр. Парсы елі өзіне қатысты қандай да бір экономикалық қиындық бола қалса бірден АҚШ-ты айыптайтын әдетін шығарып келеді. Жақында Иран билігі елдегі қоғамдық тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға АҚШ-тың қатысы бар деп санап, оларды тағы да айыптады.

Одан басқа саммитте Түркия президенті Режеп-Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин, Қырғыз Ресрубликасының президенті Садыр Жапаров, Белурусь президенті Александр Лукашенко мен басқа да мемлекеттердің басшылары сөз сөйледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама