Халық партиясының көшбасшысы Жигули Дайрабаевтың есімін келеке еткен еді
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Қазақстан Халық партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаевтың «Ауыл» партиясы атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Жигули Дайрабаев туралы айтқан сөзіне жауап берді.
«Халық партиясының жетекшісі Е.Ертісбаевтың «Ауыл» партиясының кандидаты Ж. М. Дайрабаев тарапына қарата айтқан қисынсыз пікірі қазақстандық қоғамды қатты қынжылтып, саясаткерді әділ айыптау тудырды. Бұл адамның айтқандары Президент сайлауы қарсаңындағы ашық және адал саясат ережелеріне сәйкес келмейді және қорлау сарынындағы сөз авторын құрметке бөлемейді», - делінген партия мәлімдемесінде.
«Ауыл» партиясының жетекшілігі Ертісбаевтың бұл әрекетіне «мәдениетсіздік пен әдепсіздік көрінісі» деп баға берді.
Бұл - «Ауыл» партиясының мінсіз беделге ие үміткері арқылы өз атын шығаруға тырысқан популистік әрекеттен басқа ештеңе емес. Бөгде жанның есімін келеке етуге әрекеттену тәрізді азаматтық кемсітушілікпен шектесетін жиіркенішті ерсі қылықтар – мәдениетсіздік пен әдепсіздік көрінісі. Біз басқа партия жетекшілерінің саяси ергежейлі сияқты әрекетіне мүсіркеушілікпен қараймыз. Мұндай тәсілдер қоғамның адами қағидаттар мен адамгершілік атты мемлекеттік негіздерге деген сеніміне нұқсан келтіріп, міндетті түрде кері әсер етеді, - деп жауап берді.
«Ауыл» партиясы адал және әділ сайлауды қолдайтынын айтып, партияның барлық мүшесіне және еліміздің қарапайым азаматтарына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының жетекшісі Ермұхамет Ертісбаев: «Жигули Дайрабаев сайлауда 0 пайыз дауыс жинап, Гиннестер рекорды кітабына енетін болар. Себебі ешкім Астана атауын Жигули деп ауыстырғанын қаламайды» деген еді.