×

Оппозиция өз амбициясын қоя тұрып, бір саяси күшке бірігуі қажет - депутат

Ескі жүйенің қалыптастырып кеткен санасы – оппозиция деген міндетті түрде жау

 Еркеғали Болатұлы 08.10.2022 | 10:53

Саясаттанушы, Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров «...Сұрау бар» Youtube арнасына берген сұқбатында неліктен елімізде оппозицияның әлсіз екенін айтты.

«Қазақстанның саяси кеңістігінің өзінде кемелденген, балама саяси бағдарлама ұсынатын саяси күштер жоқ. 30 жылдың ішінде ескі саясатта біреуін шетелге қуып жіберді, біреуін қорқытып-үркітті, біреуінің мойнына қылмыстық іс іліп қойды. Міне, осының барлығы еліміздегі саяси күштердің таяздауына алып келді» - дейді депутат.

Оның айтуынша, «Жаңа Қазақстан» деп аталған қоғамда саяси конъюктура түбегейлі өзгеруі тиіс. Сондай-ақ өзгерісті жасайтын оппозициялық күштердің өздері деген пікірде.

Мемлекеттің дамуының факторы – оппозициялық күштер. Менің ойымша, қазір жаңа заң қабылданды, енді жаңа партияларды құру процесін жеделдету керек. Мен өзім азамат, депутат ретінде айтарым – Қазақстанға альтернативті ой-пікір керек.

Оппозиция деген – басқа позициясы бар тұлға деген сөз. Ал альтернативті көзқарастағы азаматтар қазір де бар. Ескі жүйенің қалыптастырып кеткен санасы – оппозиция деген міндетті түрде жау. Оппозицияның да ойы – мемлекетті дамыту, тәуелсіздікті нығайту. Сондықтан биліктен өзгеше көзқарастары бар азаматтар бәлкім өздерінің амбицияларын қоя тұрып, бір саяси күшке бірігуі қажет тәрізді», - деп есептейді AMANAT партиясының мүшесі.

Журналист Ербол Сейілханның: «Бір-біріне бәсеке болуы тиіс партиялардың бірауыздан қазіргі президентті кандидат ретінде ұсынуын қалай түсінеміз?» - деген сұрағына саясаткер «Бұл – әлемдік тәжірибе» деп жауап берді.

«Әрбір партияның ішкі бағдарламасы мен Тоқаевтың істеп жатқан істері бір-бірімен жалғасын тауып тұрғаннан кейін, олардың Тоқаев саясатын қолдауы ықтимал. Менің ойымша, бұл осы логикаға сәйкес келеді», - деді Ерлан Сайыров.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20