Атақты спортшы турнирді ұйымдастырушыларға алғыс айтты
Осы күндері Astana Open ATP 500 жарысына қатысып жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы серб Новак Джокович Қазақстан теннисіне баға берді.
Ол Қазақстанға деген көзқарасын, Astana Open ATP 500 турнирін ұйымдастырған Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов туралы айтты.
«Астанадағы турнирге мықты теннисшілер жиналыпты. Соның тізімін көргенде таң қалдым. Әдетте атақты ойыншылар «Мастерс» немесе «Үлкен дулыға» секілді ірі жарыстарға жиналады. Солармен сөйлескенімде, бәрі турнирдің жақсы өтіп жатқанын айтты.
Мен Қазақстанда соңғы рет 2019 жылы болдым. Сол кезде Астанаға Рафа (Рафаэль Надаль, – ред.) екеуміз келгенбіз. Астанада жолдастық матчын өткізіп, бір күн ғана болып қайтқанбыз. Бір күнде ештеңені көре алмайды екенсіз. Астананың көрікті жерлерін көре алмадық. Осы жолы Қазақстарға бір аптаға келдім. Енді асықпай аралаймыз. Қаланы аралауға уақытым бар.
Бүгін таңертең саябақта серуендеп үлгердім. Ауа-райы керемет, тамаша болды. Ең бастысы, жергілікті адамдар жақсы екен. Маған мейірімді, иманды болып көрінді. Солардың қолдауы мен энергиясын сездім», – деді ол.
Одан кейін ол Қазақстан теннисіне баға беріп, федерацияның президенті Болат Өтемұратов турал айтты.
Қазақстанда теннис жақсы дамып келеді. Бір жолға қойылған. Жүйелі жұмыс бар. Болат Өтемұратовты досым деп есептеймін. Ол – менің досым. Ол Қазақстанда теннисті дамыту үшін қолдан келгенін бәрін жасап жатыр. Халықаралық теннис федерациясында үлкен мәртебеге ие. Ол барлық ойыншыларды құрметтейді. Теннисті осылай жан тәнімен қолдайтын адам болса бәрі жақсы болады. Мен оның қорына қарасты аутизмі бар балалар орталығының біріне бардым. Болат Өтемұратовқа барлық ойыншылардың атынан турнир ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын! Ол кісі тек спортты ғана емес, тұрмысы нашар, жағдайы жоқ, әлеуметтік жағынан аз қамтылған барлық азаматтарды қолдайды екен. Бұл керемет қой», – деді Джокович баспасөз мәслихатында.