Мәскеу тарапы әскери операция жоспары барын жоққа шығарады
АҚШ президенті Джо Байден Ақ Ресей Украинаға бірнеше күнде шабуыл жасауы мүмкін екенін айтты. Байденнің айтуынша, басып кіру кезінде Украина астанасы Киевке де шабуыл жасалуы мүмкін.
АҚШ президенті Владимир Путиннің елге басып кіру туралы жоспар құрғанына сенімді. Тіпті, Ресей Украинамен шекарасына 150 мың әскерін орналастырған. Джо Байден шабуыл жасайтын уақытты нақты атамады: алдағы күндері немесе келесі аптада болуы мүмкін.
Бізде ресейлік күш Украинаға алдағы аптада, алдағы күндері шабуыл жасайтынын айтуға негіз бар. Олар 2,8 миллион халқы бар Киевке шабуыл жасауды жоспарлап отыр деп санаймыз, - деді Байден.
Байден Путин Украинаға соғыс ашу мәселесі бойынша түпкілікті шешім қабылдап қойды дегенмен, мәселені әлі де болса дипломатиялық жолмен шешуге болатынын айтады. Одан бөлек, АҚШ президенті америкалық әскерді Украинаны қорғау үшін жібермейтінін тағы бір еске салды, бірақ егер Ресей соғысты бастаса НАТО Альянс шекарасын қорғайтынын атап өтті.
Америка билігі мен одақтастары Ресей көрші елге басып кірсе, Мәскеуге қатаң санкция салатынын ескерткен. Ал Мәскеу тарапы әскери операция жоспары барын жоққа шығарады.