×

Қазақстан көмірден бас тартпайды

Еуропа көмірді қайтып қолдана бастады

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 18:44
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар өңірінің халқымен кездесуде көмірден бас тартпайтынын мәлімдеді.

Ол көмірдің еліміздің энергетикалық балансында көмір маңызды орын алатынын, халықтың 70 пайызы көмірді пайдаланатынын атап өтті.

«Еуропалық Одақ халықаралық аренадағы геосаяси өзгерістерге байланысты көмірді қолдану концепциясына қайта орала бастады. Қазір біз көмірді пайдаланудан бас тартпаймыз. Бірақ электр станциясы жұмысының нәтижесінде атмосфераға бөлінетін көмір массасының шығарындыларын ең аз мөлшерге дейін азайтуға мүмкіндік беретін озық технологиялар бар.

Осы үздік технологияларды біздің өндірісте міндетті түрде қолдану керек. Жалпы, Қазақстанға қосымша электр энергиясы қажет екенін айтқым келеді. Бұл – факт. Оған қоса, шарықтау кезінде бізде энергетика тапшылығы сезіледі. Бұған жол беруге болмайды», –  деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама