Halyq Uni логотип
×

Президент Алматының трамвайсыз қалғанын сынға алды

Ол ешкімге кедергі келтірмесе де рельстер жойылды, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 18:27
Президент Алматының трамвайсыз қалғанын сынға алды
фото: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар өңірінің халқымен кездесуде облыс орталығының трамвай жүретін сирек қаланың бірі екенін айтып, ал кезінде ел астанасы болған Алматының көліктің осы түрін алып тастағанын сынға алды.

«Павлодар – трамвай жүретін сирек қаланың бірі. Алматыда травмай жүрді. Ол ешкімге кедергі келтірмеді. Бірақ оны қаладан алып тастау туралы шешім қабылдады. Ауқымды жұмыс жүргізілді. Рельстер жойылды, Енді Алматы трамвайсыз қалды. Трамвай қаланың символы болғанын атап өту керек. Меніңше, Павлодарда трамвайды сақтап қалу қажет», –  деді ол.

Мемлекет басшысы Павлодарға қажет болса, жолдарды жаңғыртып, жаңа, дыбыссыз, трамвайлар сатып алу керектігін айтты.

«Травмай - өзінше тартымды көлік түрі. Еуропаның көптеген дамыған қалаларында трамвайлар кедергісіз жүреді. Бұл - көптеген жергілікті тұрғындар ұнататын экологиялық және ыңғайлы көлік. Трамвай жүйесін дамытуды жалғастырып, құрамдарды жаңартуды жеделдету керек», –  деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама