Halyq Uni логотип
×

«Көзбояушылықтың не керегі бар?». Заңгер алдағы президент сайлауына пікір білдірді

Бізде бұған дейін 5 жылдан екі реттік сайлау болған...

 Еркеғали Болатұлы 05.10.2022 | 12:20

Президент бірден реформасын айтып, 7 жылда сол нәтижесіне жетуге тиіс. «Сұрауы бар» Youtube арнасына берген сұхбатында Мәкіш Есқараев өзінің заңгер ретінде бұл бастаманы жөн деп сайнайтынын жеткізді. Әйтпесе 5 жылдан 2 мерзімге сайланудың артында президенттің бірінші мерзімінде екіншісіне сайлану үшін іс-әрекеттер жасауы жатады.

Бұл – бүкіл әлемде бар тәжірибе. Президент бірінші мерзімінде екіншісіне сайлану үшін іс-әрекеттер жасайды. Екіншісінде тарихта жақсы аты қалуы үшін жұмыс істейді.

Бізде бұған дейін 5 жылдан екі реттік сайлау болған. Мұндағы бірінші 5 жылдықтың, яғни көзбояушылықтың не керегі бар? Бірден келсін де реформасын айтсын, 7 жылда сол нәтижесіне жетсін», - дейді заңгер.

Сондықтан ол заң өкілі ретінде бұл бастаманы іске асыру үшін Парламенттің өзгеруі керек екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама