Halyq Uni логотип
×

Жастардың баспаналы болуына жағдай жасаймыз – президент

Ипотекалық бағдарламаның бюджеті көбейеді

 Дастан Жұмабекұлы 05.10.2022 | 11:37
Жастардың баспаналы болуына жағдай жасаймыз – президент
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды қаласында облыстың жұртшылығымен кездесу өткізіп жатыр.

Осы кездесуде ол өңірде ипотекалық бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыру керектігін айтты.

«Аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл ипотеканы мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет, спорт және әлеуметтік сала қызметкерлері, журналистер және жоғары оқу орындарының оқытушылары ала алады. Биыл 75 несие берілген.

Енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет. Бұл – жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек», –  деді ол.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама