Жанар-жағармай айтарлықтай қымбаттаған өңірлер аталды
Биыл еліміз мұнай өнімдерімен өзін толық қамтамасыз еткен
Қазақстанда жанар-жағармайдың бағасы бір жылда 8%-ға өскен деп хабарлады Ranking.kz.
Мұнай өнімдері Павлодар облысында – 11,2%, Солтүстік Қазақстанда – 11%, Абай облысында 10,3%-ға қымбаттаған.
Бағаның жылдық ең төменгі өсімі Алматы және Түркістан облыстарында тіркелді – 5%.
Бензин бағасы бір жылда 3,5% көтерілген. Оның ішінде АИ-92 маркалы бензин – 3,2%, АИ-98 – 5,9%, АИ-95/96 6,2%-ға өскен. Дизель бір жылда бірден 35,5%-ға қымбаттаған. Оның ішінде жазғы дизель отынның бағасы – 19%, қысқы дизель отыны 55,9% көтерілген.
Биыл тамызда Қазақстан бойынша орташа есеппен АИ-92 маркалы бензиннің бөлшек бағасы – 178 теңге, АИ-95/96 – 210 теңге, АИ-98 – 232 теңге, жазғы дизель отыны 238 теңге болды.
2022 жылғы қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша еліміз өзін бензин және дизель отынымен толық қамтамасыз етті: 99,98% және 99,25%. Аталған кезеңде бензин өндірісі 5,1%-ға, 2,8 млн тонна, дизель отыны 9,2%-ға, 3,1 млн тоннаға өскен.
Импорт өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді: бензин импорты – 38,6%, 573,1 тонна, дизельдің импорты –73,5%, 23,6 мың тонна.
Осы уақытта Қазақстанның ішкі нарығында жанар-жағармайды сату көрсеткіші өскен: бензин – 2,8 млн тоннаға дейін (бір жылда плюс 8,2%), дизель отыны — 3,1 млн тоннаға дейін (бір жылда плюс 12,7%).