×

Шымкентті дамытуға 1,5 триллион теңгеден аса инвестиция тартылған

Соңғы кезде қалаға іргелес жатқан 41 елді мекен қосылған

 Еркеғали Болатұлы 27.09.2022 | 17:06
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты.

Президенттің айтуынша, Шымкент еліміздің үшінші мегаполисі мәртебесін иеленгеннен бері онда көптеген оң өзгерістер болған. Атап айтқанда, қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлініп, оған қоса 1,5 триллион теңгеден аса инвестиция тартылған. Қала бюджеті 4 есе өсіп, өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артқан. Сондай-ақ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын үй салыныпты.

Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті. Осы салада қазір 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ол соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді мекеннің қосылғанын еске салды. Енді биыл жыл соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі екен. Одан бөлек, қалаға 5 жыл ішінде 101 мектеп салу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама