×

Астанада көмірдің тоннасы 12-14 мың теңге аралығында саудаланып жатыр

Көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы 109 нөмірі бойынша білуге болады

 Динара Амантай 27.09.2022 | 11:31
Фото: gov.kz

Астанада 11 қойма бар, онда халық үшін 14 көмір сату нүктесі бар. Олар тиісті инфрақұрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Бұл жерлерде 8 компания-реализаторлар өз қызметін жүзеге асырады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер рәсімделген. Отын қоры тұрақты негізде толықтырылып отырады.

Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды. 109 нөмірі бойынша «Қауырт желі» жұмыс істейді, онда тұйықтағы (тупик) көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.

Қазір көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде бекітіліп отыр:

Шұбаркөл-тоннасына 13 800 тг;
Қаражыра-тоннасына 14 500 тг;
Майкөбе-тоннасына 12 700 тг.

Еске сала кетсек, елордада қаланы газдандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілді. 680 км-ден астам газбен жабдықтау желілерінің құрылысы аяқталды, кварталішілік желілер тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама