Halyq Uni логотип
×

Ақтөбе, Қарағанды облыстарында дәнді дақылдарды жинау толық аяқталды

Қазақстан бойынша астықтың 96,3%-ы жиналды

 Дәурен Ерболат 27.09.2022 | 11:02
Ақтөбе, Қарағанды облыстарында дәнді дақылдарды жинау толық аяқталды
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Бүгінде Қазақстанда 15,4 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл - астықтың 96,3%-ы. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Министрдің айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы – 23,4 млн гектар. Бұл былтырғымен салыстырғанда 387,1 мың гектарға көп.

2022 жылы қолайлы жағдай егін жинау науқанының көп бөлігін үзіліссіз өткізуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде бүгінде Қазақстан бойынша барлығы 15,4 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы астықтың 96,3%-ы жиналды. Өткен жылғы көрсеткіш – 15,3 млн га немесе 96%, - деді Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысы астықтың орташа түсімі гектарына 13 центнер көлемінде 20,1 млн тонна астық бастырылғанын атап өтті.

«2021 жылы орташа түсім гектарына 9,8 центнер шамасында 14,9 млн тонна бастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 25,9%-ға аз. Ақтөбе, Қарағанды облыстарында және Шымкент қаласында дәнді дақылдарды жинау толық аяқталды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама