×

Депутат азық-түлік қымбаттамас үшін не істеу керектігін айтты

Ресми статистика бойынша азық-түлік бағасы 20%-ға өскен, ал іс жүзінде баға 50%-ға көтерілген

 Дәурен Ерболат 22.09.2022 | 13:37
Фото: inform.kz

Сенат депутаты Андрей Лукин Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттамас үшін не істеу керектігін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Жалпы отырыста сенатор премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы Сауда және интеграция министрлігі және әкімдіктердің тиісті заңнамалық реттеу мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саудасына әдіснамалық әсер етуді қамтамасыз етпеуден туындап отыр.

Сауда қызметін реттеу туралы» заңдағы 9-баптың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына үстеме ақылардың 15%-дан асып кетуіне жол бермеу туралы талаптары декларативті сипатта. Оны іс жүзінде ешкім сақтамайды. Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және ұрлау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының көлемін тиісінше сақтамау, бөлу және жоспарлау фактілері, сондай-ақ әкімдіктер жұмысындағы кемшіліктер тұрақты заңбұзушылыққа айналды, - деді депутат Сенаттың жалпы отырысында.

Андрей Лукин бірде-бір уәкілетті орган осы саладағы заңнаманы ретке келтіру мәселесін қолға алмайтынын атап өтті. Осыған байланысты ол азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы жағдайды жақсарту тетіктерін ұсынды.

Көлік шығысын субсидиялай отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорларына бірыңғай жеткізу үшін ірі отандық тауар өндірушілеріне ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстар қалыптастыру қажет. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының төмендетілмейтін қорын мемлекеттік материалдық резервке ұқсас белгілеу керек. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішкі нарығын кез келген жағымсыз құбылыстардан қорғау тетіктерін әзірлеуді қолға алу керек, - деді депутат.

Сондай-ақ Сенатор әлеуметтік маңызы бар тауарларды сату процесін нарыққа кіргеннен бастап соңғы тұтынушыға дейін, оның ішінде тұрақтандыру қорларындағы сауда алаңдары мен өнімдер көлемінің қолжетімділігін бақылау тетіктерін цифрландыруды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама