ЕАЭО нарығында Қытай тауарларының заңсыз айналымы ұлғайып барады

Қымбат Елтайқызы

Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей бұл мәселеге алаңдаулы

фото: Halyq Uni

Алматыда Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің кеден әрі салық қызметтерінің үшжақты кездесуі өтті. Кездесу тақырыбы үш елдің салық пен кеден қызметтерінің іс-қимылдарын тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету мәселелері болды.

Келіссөздер делегациясын Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов басқарды.

Соңғы уақытта ЕАЭО нарығында Қытай тауарларының «сұр» айналымының ұлғаю үрдісі байқалып отыр. Мұндай үрдіс елдеріміздің үкіметтері тарапынан тиісті назарсыз қала алмайды», – деді Сұлтанов.

Ол «сұр» импорттың ұлғаюына алып келетін сын-тегеуріндерге: бюджетке салықтардың толық түспеуіне, одақ нарықтарына контрафактілік, сапасыз әрі кейде қауіпсіз емес өнімдерді әкелуге назар аударды.

«Бұл фактор өзара саудадағы бәсекелестік нарықтың дамуына теріс әсер етеді. Бұл сайып келгенде, экономиканың жекелеген сезімтал салаларының дамуына қауіп төндіреді», – деді Бақыт Сұлтанов.