Halyq Uni логотип
×

Биыл 8 айда бюджетке 10 трлн теңге салық түсті

Оның басым бөлігі корпоративті табыс салығы мен мұнайға салынатын экспорттық кеден бажына тиесілі

 Дәурен Ерболат 19.09.2022 | 15:53
Биыл 8 айда бюджетке 10 трлн теңге салық түсті
Фото: inform.kz

2022 жылғы 8 айда бюджетке шамамен 10 трлн теңге салық түсті, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.

Жыл басынан бері мемлекет қазынасына 9 трлн 640,9 млрд теңге түсті. Артық түскен сома – 412,7 млрд теңге, - деп жазылған хабарламада.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4 есе немесе 2 трлн 836 млрд теңгеге өсім бар. Оның ішінде:

  • Республикалық бюджетке 6 трлн 556,5 млрд теңге түсті. 2021 жылдың сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім – 1,5 есе немесе 2 трлн 123 млрд теңге,
  • Жергілікті бюджетке 3 трлн 84,4 млрд теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім – 30,1% немесе 713,0 млрд теңге.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы төмендегі салықтарға тиесілі:

  • Корпоративті табыс салығы – 747 млрд теңге (1,7 есе),
  • Мұнайға салынатын экспорттық кеден баж салығы – 526 млрд теңге (1,9 есе),
  • Ішкі өндіріс тауарларына қосымша құн салығы – 332,1 млрд теңге (1,4 есе),
  • Үшінші елдерден импортқа қосымша құн салығы – 278,1 млрд теңге (55,6%),
  • ЕАЭО елдерінен импортқа қосымша құн салығы – 107,6 млрд теңге (19,5%),
  • Пайдалы қазбалар өндірісінің салығы 87,8 млрд теңге (27,4%).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама