Биыл Қазақстанда 87,5 млн тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарланып отыр
Жақында мұнайдың бір баррелі 96 доллар болатыны туралы жаңалық шықты. Алайда, Энергетика министрі Болат Ақшолақов мұнай қымбаттауының оң және теріс жақтарын атады.
Биыл Қазақстанда 87,5 млн тонна деңгейінде мұнай өндіру жоспарланып отыр. Оның 17,9 млн тоннасы ішкі өңдеуге бағытталса, қалғаны экспортқа шығады.
«Мұнай бағасы өте жоғары болса, аса жақсы емес. Өйткені мұнайды алуға қажет және мұнайдан алынатын түрлі матералдар қымбаттайды. Кейін мұнай бағасы түскенімен, әлгі бұйымдардың бағасы сол күйі қалады. Мұнай өндіруші кәсіпорындар қазірдің өзінде осыдан зардап шегуде. Сондықтан, менің ойымша, ыңғайлы дәліздің шегі, бір баррелі үшін 80 доллардан сәл жоғары болса, әрине, жақсы. Мұны әлемдегі нарық көрсетеді», - деп түйіндеді Энергетика министрі.
Еске салайық, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 87 долларға жетті. Осылайша, Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың қазанынан бері алғаш рет қымбаттады.