×

Қазақстан АЭС салуға ақшаны қайдан алады – министр жауабы

Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты референдум өте ме?

 Айнұр Шошаева 14.02.2022 | 15:59
коллаж: Halyq Uni

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ОҚК-да өткен брифингте тілшілердің «Қазақстанда АЭС салуды қаржыландыру көздері анықталды ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Ақшаны қайдан аламыз?» деген дұрыс сұрақ. Атом электр стансасын айтпағанда, кез келген стансаның құрылысы арзан емес. Қазақстандық атом электр станциялары компаниясы бар. «Самұрық-Қазына» қорының құрамында девелопер деп айтуға болады. Стансаны қаржыландыру мен қаржыландыру көздері мәселесіне келу үшін алдымен зерттеу жұмыстарын аяқтауымыз керек, – деді министр. 

Министр қазір жобаны қаржыландыруға дайын инвестор жоқ екенін айтты. 

«Қоғамдық тыңдаудан өту, осыдан кейін станция құрылысын толығымен цифрландыру мәселелерімен айналысу қажет. Жалпы, экономикалық тиімділікті түсіну қажет. Барлық зерттеу жұмысының қаржыландыру көздері «Самұрық Қазына» құрылымындағы Қазақстандық атом электр станциялары компаниясы болады деп ойлаймын. Ал құрылыс үшін ірі инвесторларды іздеу керек болады. Әзірге нақты инвесторлар жоқ», – деп қосты ол. 

Сонымен бірге министр АЭС салу мәселесі оң шешімін тапқанда қоғамдық тыңдаулар өтеді деп сендірді. Алайда «референдум өте ме?» деген сұраққа нақты жауап бермеді. 

Референдум бойынша білмеймін. Референдум өткізу менің құзыретіме жатпайды. Менің ойымша, егер бұл қажет болса, мұндай шешім қабылданады. Кез келген жоба дайын болған кезде, заң бойынша, осы станцияның тапсырыс берушісі немесе құрылысшысы қоғамдық тыңдаулар өткізуге міндетті. Яғни, бұл жариялылық, онда адамдар, тұрғындар өз пікірлерін айта алады, - деп толықтырды Ақшолақов.

Бұған дейін Энергетика министрлігі АЭС туралы ұстанымын білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23