×

Автогаз бағасын шарықтатқан Petrosun-ға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Компания оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын өткізу бойынша көш басында тұр

 Қымбат Елтайқызы 14.02.2022 | 12:20
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының прокуратурасы «Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің» (БҚДАД) мамандарын тарта отырып, «Petrosun» ЖШС қызметіне тексеріп жатыр.

Компания нарықтың 76,9% үлесімен оңтүстік өңірде сұйытылған мұнай газын өткізу бойынша үстем жағдайға ие, – дейді Алматы қаласының прокуратурасы.

БҚДАД қорытындысына сәйкес, 2021 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейін Petrosun осы ережені теріс пайдаланып, ай сайын автогаз бағасының максималды деңгейін көтерген. Нәтижесінде көрсетілген кезең ішінде тауар құны бір тонна үшін 323,8%-ға дейін өскен.

Аталған факт бойынша прокуратура қылмыстық кодекстің 221-бабының 2-бөлігі (монополистік қызметті теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама