Halyq Uni логотип
×

«Айтудың өзі ұят». Тоқаев отандық өнеркәсіп иелерін сынады

Президент қант тапшылығы мәселесін көтерді

 Динара Амантай 10.09.2022 | 12:06
«Айтудың өзі ұят». Тоқаев отандық өнеркәсіп иелерін сынады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында өткен еліміздің бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу барысында отандық өнеркәсіптер халықтың негізгі қажеттіліктерін өтей алмай отырғандығын сынға алды.

30 жыл болды, өкінішке қарай, біз өзімізді негізгі материалдармен: битуммен, құбырлармен, шынылармен және басқа да құрылыс материалдарымен қамтамасыз ете алмай отырмыз. Жақында қант дағдарысы болды. Елімізде қантқа жылдық сұраныс 550 мың тонна болса, біз тек 50 мың тоннадан сәл асатын көлемде қант өндіреді екенбіз. Яғни, шамамен 10% ғана. Жарайды, бұл туралы айтудың өзі ұят, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде мемлекетті одан әрі дамыту жолындағы кәсіпкерліктің рөлін талқылады. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама