×

Үкімет келесі жылы бюджеттің 21 триллион теңгесін жұмсағалы отыр

Басым бөлігі өңірлердегі әкімдіктердің қазынасын толтыруға бөлінеді

 Еркеғали Болатұлы 09.09.2022 | 10:05
фото: ашық дереккөз

Қаржы министрлігі келесі жылдың Үкімет шығыны 21 триллион теңге болады деп есептеп отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 2 триллионға артық. Басым бөлігі әдеттегідей әлеуметтік салаға жаратылады деп жоспарланған деп хабарлады КТК телеарнасы.

Үкімет жыл сайын елдегі инфляция деңгейін ескеріп, жәрдәмақы мен зейнетақыға индексация жүргізеді. Алдағы жылдың бюджетінің биылдан көбірек болуының себебі осы. Сондай-ақ әлеуметтік сала мамандарының жалақысы жоғарылайтынын да ескеру керек. Мысалы, мұғалімдердің, дәрігерлердің, азаматтық қызметшілердің айлығы өседі, - дейді Ұлттық экономика вице-министрі Татьяна Савельева.

Оның айтуынша, 2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» бағдарламасын жүзеге асыруға да 2,6 триллион теңге жұмсалуға тиіс. Қаржы министрлігі қыруар ақшаның басым бөлігі өңірлердегі әкімдіктердің қазынасын толтыруға бөлінетінін алға тартып отыр. Ал әкімдер бюджет қаржысын әлеуметтің ақсап тұрған саласына жаратуы шарт. Одан кейін мемлекет қазынасының белгілі бір бөлігі сыртқы қарыздарды өтеуге жұмсалады.

«Өткен жылы Ұлттық қордың қаражатын жұмсау кезінде Есеп комитеті мен Президент әкімшілігі тарапынан ескерту жасалған. Сол себепті, биылғы жоспарда бұл бағыттағы нысаналы трансферттер: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыруға, депозитінде ұлттық валютамен ақша ұстаған азаматтарға өтемақы төлеуге, газ, сумен жабдықтау секілді маңызды инфрақұрылым жобаларын іске асыруға жұмсалуы керек», - деді Татьяна Савельева.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама