Үкімет қант зауыттарына шикізат сатып алуға қаржы бөледі
Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қант бағасы көтерілмейтінін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, елімізде қант өндіретін 4 зауыт бар.
Олар 700 мың тонна қант өндіре алады. Зауыттар қантты қант қызылшасынан емес, қант қамысынан алады... 230 мың тонна қантты шырын өндірушілер мен 80 мың тонна қатты кондитер өнімі өндірушілер тұтынады, - деді Серік Жұманғарин Үкімет отырысынан соң.
Министр қант бағасын тұрақты ұстап тұру үшін зауыт басшыларымен кездескенін атап өтті.
Біз барлық зауыт өкілдерімен кездестік. Оларға 3 ай бойы бразилиялық қант құрағын сатып алуға қаржы береміз, - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Ол бұл жұмыстың нәтижесі 3 айда болатынын жеткізді.
«Зауыттар шикізатты сатып алады. Кеме тиісті шиказатты тиеп, Бразилиядан шығады. Ол Грузиядағы порттарға жеткесін жүкті сонда қалдырады. Бұл процесс үнемі жүргізіледі яғни біз отандық қант зауыттарын 3 ай бойы шикізатпен қамтамасыз етеміз... Сондай-ақ Солтүстіктегі көршімізде қант қызылшасы бітік шықты. Сондықтан біз қант бағасы көтеріледі деп ойламаймыз», - деді Серік Жұманғарин.