Бүгінде келіссөздер жүргізіліп жатыр
Энергетика министрі Болат Ақшолақов жаңа МӨЗ-ді салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.
Оның пікірінше, бұл мәселе – Қазақстан үшін өзекті.
Қазір біз «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және әріптестерімізбен Шымкент мұнай-өңдеу зауытын кеңейту мәселесін егжей-тегжейлі пысықтап жатырмыз. Себебі аталған зауыттың қуаты 12 мың тонна мұнай өнімдерін өңдеуге жетеді... Жанар-жағармай нарығындағы басты мақсатымыз – ішкі сұранысты қамтамасыз етіп, профициттің болуын қамтамасыз ету, - дед министр ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.
Болат Ақшолақов елімізде 5-10 млн тонна мұнай өндіретін жаңа зауыт салынса, ондағы өнімдерді шетелге шығару қиынға соғатынын жеткізді.
Сондықтан төртінші мұнай өңдеу зауытын салғанша, Шымкент МӨЗ-ін кеңейту керек деген түсінікті қарастыру керек. Алдымен онда қосымша 2-3 тонна мұнай өндіріледі. Қазір зауытта 6 млн тонна мұнай өнімдері өңделсе, біз оның қуатын 9 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде серіктестерімізбен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл уақыттын еншісінде. Бірақ зауытты кеңейту керек, - деді ведомство басшысы.
Министр қосымша 2-3 млн тонна мұнай өнімдерін ішкі нарықтағы сұранысты қамтамасыз етеді деген пікірде.
«…Бұл жанар-жағармайдың көлемі бізге кемінде 5 жылға жетеді... Шымкет мұнай өңдеу зауытын кеңейту жұмысы 3-4 жылға созылуы мүмкін», - деп түйіндеді сөзін Болат Ақшолақов.