×

Шаруаларға 171 мың тонна арзан дизель отыны беріледі

Биыл оларға жалпы 423,5 мың тонна дизель төмен бағада беріледі деп жоспарланған

 Дәурен Ерболат 05.09.2022 | 12:38
Фото: inbusiness.kz

Осы уақытқа дейін шаруаларға 252,2 мың тонна арзан дизель отыны берілді, ал қалған бөліні бүгіннен бастап беріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

2022 жылғы шілдеде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 106,6 тонна, тамызда 145,6 тонна дизель отыны берілді. Отынның қалғаны 5 қыркүйекке дейін, яғни бүгін беріледі. Биыл жалпы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 423,5 мың тонна дизель отыны беріледі деп жоспарланған. Оларға дизель отынын беру басты назарда және бақылауда, - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2022 жылы 13 млн 720 мың тонна мұнай өнімдері өндіріледі деп жоспарланған. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық.

«Биыл 8 айда дизель отынын өндіру 3 млн 500 мың тонна болды. Бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 59 мың тоннаға артық немесе 10,5%-ға көп», - деді Болат Ақшолақов.

Айта кетейік, осыған дейін дизель тапшылығына байланысты бірнеше басшыға қатаң сөгіс жарияланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама