×

Қазақстан енді АҚШ-та шоттары бар азаматтар туралы ақпарат ала алады

Сенат арнайы заң қабылдады

 Қымбат Елтайқызы 10.02.2022 | 16:20
фото: ашық дереккөзден

Қазақстандықтардың Америка Құрама Штаттарындағы шоттары туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін заң қабылданды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан мен АҚШ арасындағы салықтық қатынасты нығайтатын келісімді қабылдады.

Соған сәйкес енді Қазақстан Америка Құрама Штаттарында шоттары бар барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ала алады. Бұл еліміз үшін салықтарды жинау мен басқарудың қосымша құралы саналады. Аталған жаңа нормалар «Қазақстан үкіметі мен АҚШ үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» заңда жазылған.

Қабылданған заң Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы салық бойынша қатынастарды нығайтуды көздейді. Келісім екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа құқықтық тетіктерін қолдануға негіз қалыптастырады, – деді Әшімбаев.

Сондай-ақ отырыс барысында сенатор Ләззат Қалтаева ант берді әрі Сенаттың тұрақты әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі болып сайланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама