Halyq Uni логотип
×

Білім беру: қай өңірдердің мамандары жоғары жалақы алады?

Салада 1,1 млн адам еңбек етіп жүр

 Дәурен Ерболат 26.08.2022 | 11:38
Білім беру: қай өңірдердің мамандары жоғары жалақы алады?
Фото: yugopolis.ru

Биыл екінші тоқсанның қорытындысы бойынша білім беру саласындағы орташа айлық атаулы жалақы 293,3 мың теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 25,4%-ға артық, деп хабарлайды Ranking.kz.

Инфляцияны ескерсек, сектордағы жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсімі – 10,1%.

Мысалы, Қазақстан бойынша орташа атаулы жалақы – 312 мың теңге, бір жылда нақты мәндегі өсім – плюс 8,9%.

Білім беру саласындағы ең жоғары жалақы елордада – 414 мың теңге, былтырға қарағанда 18%-ға артық. Астанадағы жалақы еліміз бойынша орташа көрсеткіштен 41,1%-ға жоғары. Екінші және үшінші орында Алматы (335,7 мың теңге, бір жылда плюс 26,4%), Маңғыстау облыстары (326,2 мың теңге, бір жылда плюс 21,7%) тұр.

20 өңірдің тек алтауында саладағы еңбекақы Қазақстан бойынша орташа жалақыдан жоғары.

Сектордағы ең төмен жалақы мектепке дейінгі білім беру саласында: 147,3 мың теңге, нақты жылдық өсім – 11,2%.

Бастауыш білім беру сегментінде орташа айлық атаулы жалақы – 243,5 мың теңге (инфляцияны ескерсек, ондағы өсім – 10,5%), орта білім беру саласында – 343,5 мың теңге (бір жылда плюс 10,2%), жоғары білім беруде – 323,1 мың теңге (бір жылда плюс 12,7%).

Қосымша білім беру қызметтері саласындағы жалақы – 216,8 мың теңге (нақты өсім – 7,5%), білім берудің өзге түрлері сегментінде – 221,9 мың теңге (нақты өсім – 4,8%).

2022 жылғы екінші тоқсанында білім беру саласында жұмыспен қамтылғандар саны – 1,1 млн адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,4%-ға артық.

Жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан облысында: 144,5 мың адам, бір жылда плюс 1,3%. Үздік үштікке Алматы (99 мың адам, плюс 2,7%) және Алматы облысы (80,6 мың адам, минус 37%) енді.

Секторда жұмыспен қамтылғандардың ең азы Ұлытау облысында: 14,4 мың адам.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама