×

335 млрд теңге салық уақытында төленбеген

Берешек сомасы бір жыл бойы жиналмаған 

 Дәурен Ерболат 24.08.2022 | 16:35
Фото: inbusiness.kz

Бүгінде кәсіпорындар, компаниялар мен қазақстандықтардың берешегі 335 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Unі тілшісі.

Қазір Қазақстан бойынша жалпы берешек сомасы – 335 млрд теңге. Бұл тек жеке тұлғалардың емес, кәсіпорындардың, компаниялардың қарызы болып саналады. Қарыз сомасы тек бір жылды қамтимайды, - деді Азамат Панбаев ОКҚ баспасөз мәслихатынан соң.

Сондай-ақ ол қазақстандықтар 21 млрд теңге салық төлемегенін атап өтті.

«335 млрд теңгенің 21 млрд теңгесі жеке тұлғалардың жер, мүлік, көлік салықтары бойынша қарызы болып саналады. Егер нақты айтсақ, 717 мың адамның 20,5 млрд теңге қарызы бар. Оның 15,9 млрд теңгесі қарыздың негізгі сомасы, қалған 4,6 млрд теңгесі – өсімпұл», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама