×

2023-2025 жылдары республикалық бюджеттен қай өңір қанша қаржы алады?

Республика бюджетінің үш донор өңірі жыл сайын шамамен жарты триллион теңге аударады

 Бауыржан Мұқанов 24.08.2022 | 16:58
Коллаж: Halyq Uni

Ұлттық экономика министрлігі республикалық бюджет пен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттері арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған жалпы трансферттердің көлемін айқындайтын заң жобасын дайындады. Заң жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды. 

Заң жобасына сай, алдағы үш жылда республикалық бдежттің донорлары, атап айтқанда, Атырау облысы, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары 2023-2025 жылдары аралығында бюджетке тиісінше 493,2 млрд теңге, 543,4 млрд теңге және 583,1 млрд теңге аударады. 

Ал республикалық бюджеттен облыстар мен Шымкент қаласының бюджеттеріне 2023 жылы аударылатын бюджеттік субвенциялар 4,9 трлн. Түркістан облысы басқа облыстарға қарағанда 976,7 млрд теңге, ең азы – Ұлытау 46,8 млрд теңге алады. Тағы екі жаңа облыс – Абай және Жетісу – тиісінше 217,8 млрд теңге және 336,1 млрд теңге.

2024 жылы бюджеттік субвенциялар 5,1 трлн теңгені құрайды. Бұрынғыдай Түркістан облысына – 979,3 млрд теңге, ең азы – 48,8 млрд теңге Ұлытау облысына жіберілмек.

2025 жылы субвенциялар 5,5 трлн теңге, оның ішінде Түркістан облысына 1 млрд теңгеден астам, Шымкент қаласына 243,4 млрд теңге, Ұлытау облысына 54,5 млрд теңге бөлінеді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама