×

Қазақстанда ұн тапшылығы бола ма? Министр жауап берді

Елде бидай мен ұн арзандауы ықтимал

 Дәурен Ерболат 23.08.2022 | 12:50
Фото: kundemi.kg

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бидай мен ұн тапшылығына негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

«Биыл 13,4 млн тонна бидай жиналады. Сондай-ақ былтырдан қалған 2,5 млн тонна бидай бар. Оның ішінде 360 мың тонна бидай «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы қорында сақталған. Біз 6-7 млн тонна бидайды тұтынамыз. Сондықтан жиналатын және қордағы бидай тұтынылатын бидайдың көлемінен бірнеше есеге жоғары. Сондықтан бидай мен ұн тапшылығы болады деуге негіз жоқ», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, қазір нарықта бидай арзандап жатыр.

Мысалы, осыдан 2-2,5 ай бұрын бидайдың бағасы 175-180 теңгеге дейін көтерілген еді... Алайда бүгінде оның бағасы – 145-150 теңгеге төмендеді. Осыған қарамастан біз «Азық-түлік келісімшарт» корпорациясы тарапынан арзандатылған бидайды өңірлерге жіберіп жатырмыз. Бұл әлеуметтік нанның бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Сондықтан жағдай тұрақты. Қазіргі нарықтың динамикасына ескерсек, тіпті бидай мен ұнның бағасы сәл төмендейді деп болжам бар, - деді Ербол Қарашөкеев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20