×

Еттің айтарлықтай қымбаттауына негіз жоқ – Қарашөкеев

Биыл мал азығының бағасы өткен жылмен салыстырғанда төмен

 Дәурен Ерболат 23.08.2022 | 11:32
Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ет бағасы сәл өсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Оның пікірінше, биыл еттің айтарлықтай өсуіне негіз жоқ.

«2022 жылы мал азығының бағасы өткен жылмен салыстырғанда төмен... Ажиотаж, дефицит мәселесі жоқ. Өңірлердің басым бөлігінде ауа райы қолайлы. Сондықтан бүгін өзім Үкімет отырысында баяндағандай, шөптің 90%-ы дайындалды», - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ербол Қарашөкеев саладағы жағдай тұрақты екенін атап өтті. Бірақ ол елімізде тауарлардың қымбаттап жатқанын мойындап, бұл ет бағасына әсерін тигізуі мүмкін екенін жеткізді.

Малдың басы өсіп жатыр. Ет экспортының көлемі де артуда. Мысалы, ірі қара мал, ұсақ малдың өңделген етінің экспорт көлемі өсіп жатыр. Сондықтан ахуал тұрақты. Енді бағасының өсу мәселесіне тоқталайын. Мал шарашуалығында өзінің шығындары бар. Мысалы, сатып алатын жанар-жағармайдан бастап, салаға керек заттардың бағасы өсіп жатыр. Сондықтан біршама өсім болуы мүмкін, - деді ведомство басшысы ағынан жарылып.

Ол ет бағасы айтарлықтай өспейді деген пікірде.

«...Ет бағасының айтарлықтай өсуіне негіз жоқ. Ахуал тұрақты», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама