Елімізде цифрлық теңге пайда болады
Оның платформасының прототипін әзірлеу аяқталды
Қазақстанда цифрлық теңге пайда болады. Оның платформасының прототипін әзірлеу аяқталды. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк басшысы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Бұған қоса ол тұрғын үй бағдарламасы жайлы сөз қозғады.
«7-20-25» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы белгіленген лимит – 1 трлн теңгеге жеткенге дейін іске асады. Қазір 1,1 трлн теңге сомаға өтінімдер қабылданды, 461,5 млрд теңгеге несие берілді, – деді Пірматов.
Елордада Мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиын барысында Қазақстанның былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы есеп беріліп, үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылып жатыр.