Жаңа жоба шамамен 2 млн үйді электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Сауд Арабиясы Қарақалпақстанда әлемдегі ең ірі жел электр станциясын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Uzdaily.uz.
Саудиялық ACWA Power компаниясы Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстанда қуаты 1,5 ГВт болатын әлемдегі ең ірі жел электр станциясын салмақ.
ЖЭС 1,65 млн үйді электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жылына 2,4 млн тонна көміртегі шығарындысын азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңа жел электр станциясы – Өзбекстан мен Сауд Арабиясы арасындағы жалпы сомасы 12 млрд доллар болатын 3 жобаның бірі ғана.
Сондай-ақ қос мемлекет тағы бір келісімге қол қойған. Ол бойынша Сауд Арабиясы алдағы 5 жылда Өзбекстанның энергетикалық кешеніне 10 млрд доллар инвестиция құюға ниетті.