Halyq Uni логотип
×

Шілдеде 2700-ден аса алтын құйма сатылған

Олар елорда, Алматы және Атырауда жоғары сұранысқа ие

 Дәурен Ерболат 18.08.2022 | 17:42
Шілдеде 2700-ден аса алтын құйма сатылған
Фото: ТАСС

Биыл шілдеде елімізде жалпы салмағы 97,4 келі болатын 2 712 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Алтын құйма бес түрлі салмақта сатылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г.

Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26% немесе 25 589 дана. Кейін 20 грамдық құйма сұранысқа ие: 21 484 дана (22%). 5 грамдық құймадан 20 735 дана (21%), 100 грамдық құймадан 19 708 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 935 дана (12%) сатылды, - деп жазылған хабарламада.

Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады.

Айта кетейік, алтын құйма – сенімді инвестиция құралы. Оларды Halyk bank, Еуразиялық банк, Jusan Bank, ЦентрКредит банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алуға немесе сатуға болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама