Шетелдік 2 компания мемлекетке 20 млрд теңгеден аса шығын келтірген
Жол құрылысына сапасыз әрі арзан материалдар қолданылған
Жол құрылысы барысында екі бірдей шетелдік мердігер компания мемлекетке 20 миллиард теңгеден аса шығын келтірген.
Айта кетсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі осы саладағы былықтарға талдау жүргізген болатын. Соның нәтижесінде техникалық қадағалау қызметінің заң саласындағы шектеулермен және тыйымдармен жеткілікті түрде реттелмегені анықталды.
Техникалық қадағалау кепілдік мерзімі ішінде анықталған бұзушылықтар үшін жауапты болмайды. Тіпті құрылыс материалдарының сапасы тексерілетін зертханалар туралы да талап жоқ. Сондықтан жол құрылысына сапасыз әрі арзан материалдар қолданылады.