Halyq Uni логотип
×

Цифрлық валютамен алғашқы несие беріле бастады

Халықтың бір бөлігі электронды әмиян қажет емес десе, қалғаны оның қалай жұмыс істейтінін де білмейді

 Еркеғали Болатұлы 12.08.2022 | 16:23
Цифрлық валютамен алғашқы несие беріле бастады
фото: cumgeek.com

Қытайдың Сучжоу қаласындағы мунипиалды банк цифрлық валютаны тестілеу аясында жеке компанияға 500 мың юань несие берген.

Алдағы уақытта цифрлық валютаны сынақтан өткізуге Қытайдың басқа қалалары да қосылуы мүмкін деп хабарлады «Хабар 24» телеарнасы.

Қаржы цифрлық әмиянға түседі. Ал несиені Қытайдың орталық банкінің платформамасы арқылы жабады. Осылайша заманауи төлем құралы сынақтан өткізіліп жатыр.

Биыл 5 айда электронды июаньмен 264 миллион транзакция жасалған. Осындай жолмен аударылған ақша көлемі 12 миллиард долларға жеткен.

Қытай халық банкінің мәліметінше, цифрлық юань әмиянды халықтың 5/1 бөлігі жүктеген. Бірақ ересектердің 44 пайызы бұл қосымшаны пайдаланбайтынын айтқан.

Халықтың бір бөлігі электронды әмиян қажет емес десе, қалғаны оның қалай жұмыс істейтінін де білмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама