Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 11 млрд долларға жетті
ҚХРД-дан көбінесе көліктер мен компьютерлер жеткізілген
Биыл 6 айда Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 11,26 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.
Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 36,2%-ға жоғары.
Экспорт пен импорттың ең жоғары көлемі тіркелді. Қазақстан Қытайға 6,63 млрд доллардың тауарын жеткізсе, Қытайдан 4,63 млрд доллардың тауары импорттарлған, - деп жазылған хабарламада.
Қытайға экспорт көлемінің өсуі мұнай жеткізілімінің 3,8 есеге немесе 1,6 млрд долларға артуымен байланысты, ал экспорттың қалған бөлігі тек 10,5%-ға өскен.
ҚХДР-дан елімізге көбінесе көліктер мен жабдықтар, компьютерлер және тағы басқа жоғары технологиялық өнімдері жеткізілген.