Halyq Uni логотип
×

Қазақстан Еуразия даму банкінің бақылау пакетін Ресейден сатып алуы мүмкін

Қазір Қазақстанның үлесі 32,99%

 Бауыржан Мұқанов 10.08.2022 | 10:32
Қазақстан Еуразия даму банкінің бақылау пакетін Ресейден сатып алуы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Ресей мен Беларусь Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) жарғылық капиталындағы жалпы үлесін азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bloomberg.

Басылымның мәліметінше, ЕАДБ санкцияға ұшырамауы үшін Ресей осындай шешім қабылдауы мүмкін.

Қазір Ресей Федерациясы банк акциясының 65,97%-на, Қазақстан 32,99%-на, қалғаны Беларусь, Армения, Қырғызстан, Тәжікстан иелігінде

Егер Ресей банктің бақылау пакетінен бас тартатын болса, басылымның мәліметінше, Қазақстанның үлесі қазіргіден де артып, қаржы ұйымының негізгі акционері болмақ.

Еске салайық, Еуразиялық даму банкі 2006 жылғы 12 қаңтардағы мемлекетаралық келісім негізінде құрылған.

Банктің жарғылық капитал 7 млрд АҚШ долларын құрайды.

Ұйымның штаб-пәтері Алматыда орналасқан, одан бөлек Санкт-Петербургте бөлімшесі, Нұр-Сұлтан, Бішкек, Душанбе, Ереван, Минск және Мәскеуде өкілдіктері бар.

2022 жылғы 30 маусымдағы ақпаратқа сәйкес, ЕАДБ ағымдағы инвестициялық портфелінің көлемі $4,170 млрд, іске асырылған жобаларды есепке алғанда инвестициялық портфельдің көлемі $12,185 млрд құрайды, 6 мемлекетте 76 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

ЕАДБ 2021 жылғы таза пайдасы 37,1 миллион долларды құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама