Комитет әуе билетінің қымбаттағанын мойындады
Қытайға ұшқыңыз келсе, кем дегенде 1,3 млн теңге болуы керек. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева айтты, деп хабарлайды Kazakh24.info.
Бүгінде ҚХР-ға аптасына 3 рейс қатынайды. Ал коронавирус пандемиясына дейін оның саны 40-тан асқан.
Қазір олардың саны шектеулі. Air Astana тек 2 рейс, China Southern Airlines аптасына 1 рейсті орындайды. Тамыздың соңында екінші рейс болады деп жоспарланып отыр. Біз Қытай билігіне рейстердің санын көбейтіңдер деп бірнеше хат жаздық. Себебі, China Southern Airlines-те әуе билетінің бағасы – 1,3 млн теңге. Бұл тек бір бағыт үшін. Оның өзінде орын жоқ, - дейді Салтанат Томпиева.
Әуе билетінің қымбат болуы ҚХР-дағы карантин шектеулерімен байланысты.