Ал еуро 486-491 теңгеге өскен
Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгінгі 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 478,39 теңгені құрағанын мәлімдеді.
Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,91 теңгеге (+0,03) дейін көтерілсе, Қытай юані 70,78 теңгені (+0,45) құрап отыр.
Ақша айырбастау орындарында бүгін доллар 477-481,5 теңгеге сатылып, сатып алынды. Ал еуро 486-491 теңгеге өскен.
Ал бүгінгі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр. Мысалы, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,37 пайызға арзандап, барреліне 95,33 долларды құрады.