×

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы тағы көтеріліп жатыр

Ал еуро 486-491 теңгеге өскен

 Еркеғали Болатұлы 09.08.2022 | 15:57
фото: bbc.com

Қазақстан қор биржасы (KASE) бүгінгі 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,73 теңгеге көтеріліп, 478,39 теңгені құрағанын мәлімдеді.

Ал Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,91 теңгеге (+0,03) дейін көтерілсе, Қытай юані 70,78 теңгені (+0,45) құрап отыр.

Ақша айырбастау орындарында бүгін доллар 477-481,5 теңгеге сатылып, сатып алынды. Ал еуро 486-491 теңгеге өскен.

Ал бүгінгі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр. Мысалы, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің құны 1,37 пайызға арзандап, барреліне 95,33 долларды құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама