Halyq Uni логотип
×

Алматы әуежайында жаңа терминал салынуы мүмкін

Коронавирус пандемиясы кезінде әуежай табысының үштен екісінен айырылған

 Дәурен Ерболат 09.08.2022 | 10:42
Алматы әуежайында жаңа терминал салынуы мүмкін
Фото: Tengrinews.kz

Алматыда әуе қызметін пайдаланушылардың саны артып жатыр. Осыған байланысты әуежайда жаңа терминал салу керек. Бұл туралы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның аға вице-президенті Зитцерс Симонс айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Авиация белсенді түрде қалпына келтіріліп жатыр. Рейстер қайта жанданды, жаңа бағыттар ашылуда. Болашақта біз әуе көлігіне сұраныстың артатынын түсініп отырмыз. Алматы халықаралық әуежайы Қазақстанның негізгі әуе қақпасы болып саналады. Бүгінде біз саны артып жатқан жолаушылар ағынын жеңуге көмектесетін жаңа терминал салу керегін көріп отырмыз, - деді ӨКҚ-де өткен брифингте.

Вице-президент әуежайдағы терминалға жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.

«Қазіргі таңда біз терминалды барынша жақсартуға тырысып жатырмыз. Осыдан бір ай бұрын ішкі терминалдың 6-отырғызу секторында жөндеу жұмыстары аяқталды. Оның ауданы бұрын 177 шаршы метр болса, қазір 850 шаршы метр болды. Қазір 4 шығаберіс бар», - деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама