×

Қазақстанда ен байлыққа салық енгізу жоспары пысықталып жатыр

Салық негізінен қымбат көліктерге, яхталарға, жылжымайтын мүліктерге, саяжайларға енгізіледі

 Ербол Тұрымбет 03.02.2022 | 11:39
көрнекі фото: fullpicture.ru

Қаржы министрлігі байлыққа салық салу мәселесі Ұлттық экономика министрлігі сайтында пысықталатынын түсіндірді.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізінен, құны қымбат люкс модельді автокөлік құралдарына, мысалы, Aston Martin, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maserati (белгіленген тізбе бойынша), оның құнына (белгіленген шектен жоғары) және шығарылған жылына қарай көлік құралдары салығының мөлшерлемелеріне коэффициенттер енгізу жолымен және тіркеу алымының мөлшерлемесін арттыру арқылы жоғары салық салу мәселесін қарау ұсынылады.

Бұл ретте мұндай автокөліктер бойынша барлық жеңілдік алып тасталуға тиіс, - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Қымбат заттар ретінде республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, курорттық аймақтарда орналасқан ұшақтардың жекелеген сыныптарын, яхталарды және жылжымайтын мүлікті қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, аумаққа байланысты, мысалы, ауданы 300 шаршы метрден асатын пәтерлер, тұрғын үйлер, 400 шаршы метрден асатын саяжайларға байланысты мүлік салығын арттыру коэффициенттерін енгізу жоспарланады.

Еске салайық, 2021 жылдың қарашасында Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы ен байлыққа салық салу мәселесін қозғап, сән-салтанат салығы көптеген елде барын айтқан.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама