Тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы қаласындағы баға 47,2 пайызға өскен
Ұлттық статистика бюросы шілдеде тұрғын үй нарығында баға қалай өзгергенін жариялады.
Бір жылда (2021-2022 жылдардың шілде айларын салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 19,6 пайызға өскен. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда 20,8 пайызға артты, - делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үйлер нарығындағы баспана бір жылда:
Ақтөбе қаласында – 32,5 пайызға;
Нұр-Сұлтанда – 27,6 пайызға;
Өскеменде – 26,1 пайызға қымбаттаған.
Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында:
Қызылорда (44 пайыз),
Өскемен (43,7 пайыз),
Талдықорған (43,4 пайыз),
Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз) қалалары көш бастап тұр.
Тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы қаласындағы баға 47,2 пайызға өскен.
«Бір айдың ішінде (2022 жылғы маусым мен шілдені салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары – 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі алдыңғы аймен салыстырғанда шілдеде 0,4 пайызға жоғарылады», - делінген хабарламада.